Ұлытау облысы білім басқармасының

Жезқазған қаласы білім бөлімінің

«Қабден Шыңғысов атындағы

No 5 жалпы білім беретін мектебі»КММ

мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы

қорытындысында анықталған

бұзушылықтар мен ескертулерді жою жөніндегі ақпарат

 

«Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы қорытындысында анықталған бұзушылықтар мен ескертулер бойынша төмендегідей әдістемелік нұсқаулар берілді:

1.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 03.08.2022 жылғы №348бұйрығына 1-қосымшаның 14, 16 тармақтары (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттікжалпыға міндетті стандарты) талаптарында анықталған бұзушылықтарды жою;

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 «Мектепкедейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекітутуралы» бұйрығына 1,2, 3, 4-қосымшаларында анықталған бұзушылықтарды жою;
    3. ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2022 жылғы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың,бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімберудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» №348 бұйрығына 3-қосымшасының 51-53 тармақтары (Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндеттістандарты) талаптарына сәйкестендіру.
    4. Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Қабден Шыңғысоватындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» ККМ-ніңҚР ОАМ 24.11.2022 жылғы №473бұйрығының 5-қосымшасы талаптарына, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарынбекіту туралы» ҚР ОАМ-нің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығының 2-қосымшасыталаптарына, «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығының (31.03.2022 №121 бұйрығыменөзгертілген) 57, 60 тармақтарыталаптарына сәйкестендіру.
Атауы Жүктеу
1  ЕБҚЕБ инклюзивті білім алу туралы БҰЙРЫҚ
2 Жеке бағдарлама ЕБҚЕБ
3 Мектепалды даярлық ЕБҚЕБ  ПМПК көшірмелері
4 Үлгілік оқу бағдарламасы ЕБҚЕБ мектепалды даярлық
5 Үлгілік оқу жоспары ЕБҚЕБ үлгілік мектепалды даярлық

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметін зерделеу қорытындылары

 

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар

5)

жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланыңерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудаинклюзивті білім беру талаптарын орындау. (бағаланатын кезеңге жеке оқужоспарлары мен жеке бағдарламалардың көшірмелері, оның ішінде ерекше білім беруқажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің орындалғанынрастайтын құжаттардың көшірмелері).

Мектептің өзін-өзі бағалау есебі негізінде, 2022-2023 оқу жылында мектепалды даярлықтобында психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультация (әрі ПМПК)қорытындылары негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 4 тәрбиеленуші анықталды.Олар: Қайрат Батырхан 0 «А», Долгова Валерия 0 «А», Төлеу Кәусар 0 «Б», КарамаркинаСветлана 0 «Ә». Аталған тәрбиеленушіге жеке жұмыс жоспарларымен жекебағдарламалардың көшірмелері ұсынылмады. Ұсынылған жеке даму картасында ерекшебілім беру қажеттілігі бар оқушы екендігі ескерілмеген. Аталған оқушылардың ПМПК,дәрігерлік-консультациялық комиссияның (әрі ДКК) анықтамалары ұсынылмаған.

Ескертулерді жою жөніндегі ақпарат

2022-2023 оқу жылында мектепалды даярлық тобында психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультация қорытындылары негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 4 тәрбиеленушінің ПМПК, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары, тәрбиеленушіге жеке жұмыс жоспарлары,  жеке даму карталары, жеке бағдарламаларының көшірмелері ұсынылды.

Оқу мерзіміне қойылатын талаптар

1)

жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағыпринцип бойынша жинақтау(бағалау өлшемшарттардың 9-қосымшасына сәйкес жастоптары тізімдерінің көшірмелері)

Ұсынылған құжаттарды зерделеу барысында бағаланатын кезеңде 3 мектепалдыдаярлық сыныбы жұмыс істегенін көрсетті.Топтардың бір жастағы балаларды жинақтау принципін анықтау үшін балалардынтолық тізімдері ұсынылды. Алайда, 2022-2023 оқу жылында 0 «А» сыныбында ДолговаВалерия Игоревна (туған жылы 01.11.2017, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде 4 жас 10 айда болды) жасы толмаған, мектепке қабылдау күні 10.02.2023 көрсетілген, қабылданғанытуралы бұйрық көрсетілмеген, Карамаркина Светлана Витальевна (туған жылы 11.10.2017– 22 жылдың 1 қыркүйегінде 4 жас 11 айда) жасы толмаған, мектепке қабылдау күні10.02.2023 көрсетілген, қабылданғаны туралы бұйрық жоқ.

Ескертулерді жою жөніндегі ақпарат

2022-2023 оқу жылы  ақпан айында "М.Құлышева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының" тәрбиеленушілерінің В.И.Долгова мен С.В. Карамаркинаның 0 «А» сыныбына мектепке қабылдау бұйрықтары ұсынылды. 

Негіздеме:ҚР Оқу–ағарту министрінің 2022 жылдың 03 тамызындағы № 348 бұйрығының 1-ші қосымшасының 25 тармағына сәйкес  «Жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, оқу жылының басында жасақталады» мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.

 

Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметін зерделеу қорытындылары

 

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жаңартылған бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

10.

Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрінің 24.11.2022 жылғы №473бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық жәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметінеқойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттартізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау.

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі штаттық (негізгі) педагогтардың саны 48 адам,оның ішінде педагог-зерттеуші – 3, педагог-сарапшы – 9, жоғары – 2, І санатты – 1, жоғарыжәне бірінші санатты педагогтардың, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердіңүлесі негізгі орта, жалпы орта білім беру мұғалімдерінің жалпы санының 31, 2% -ын(жеткілікті деңгей 34%-ке дейін) құрайды, бұл біліктілік«Білім беру ұйымдарын бағалауөлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР ОАМ-нің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486бұйрығының 2 қосымшасы талаптарына сәйкес келмейді.

Ескертулерді жою жөніндегі ақпарат

 Перспективтік  жоспар бойынша педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары негізінде «Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінен  13 педагог «Педагог-модератор» санатына, 6 мұғалім «Педагог-сарапшы» санатына, 3 мұғалім «Педагог-зерттеуші»  санатына тағайындауға және растауға Ұлытау облысы білім басқармасына Жезқазған қаласы білім бөліміне портфолиосын өткізіп, тестке жолдама алды.

 

Негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін: Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № ҚР ДСМ-76 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және №55бұйрықпенбекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.Білім беру ұйымы 2 ғимараттан тұрады. Біріншісі 1959 жылы, екіншісі 1991 жылықолданысқа берілген. Үш қабатты типтік ғимарат. Негізгі ғимаратыңауданы 4400,7 ш.м.,пайдалы ауданы 1981,30 ш.м. ғимараты 1959 жылы салынған, жобалық сыйымдылығы 350 орынға арналған. Жер учаскесінің ауданы 9707 ш.м. жобалық қуаттылығы – 1000 оқушы Санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы білім беру ұйымына 2022 жылы өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі туралы акт берілмеген.

Алайда білім беру ұйымының меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуын растайтын құжат ұсынылмады, яғни «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі, діни білім беруұйымдарының білім беру қызметіне қойылатынбіліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24қарашадағы №473 бұйрығына 2-бөлімнің 12-тармағы (негізгі орта білім берудің жалпы білім беретінбағдарламалары), 3-бөлімнің 19-тармағы (жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары) талаптарына сәйкес келмейді.

Ескертулерді жою жөніндегі ақпарат

Санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы білім беру ұйымына 2022 жылы өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі туралы АКТге сот шешімі ұсынылды.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін:Қазақстан
Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкестиісті бейіні бойынша үш жыл ішінде кемінде 72 сағат көлемінде педагогтердің жәнебілімберу ұйымдарының басшыкадрларының біліктілігін арттыруды кемінде үш жылда бір ретқамтамасыз ету.Педагог кадрлармен жасақталғаны туралы мәліметтер Әдістемелік ұсынымдарға7 -қосымшаға сәйкес толтырылған кесте мен «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесіжәне Ұлттық білім беру деректер қорынан алынған мәліметтер салыстыру барысындакелесі анықталды:
Білім беру ұйымында барлығы 74 педагог жұмыс атқарады, оның 1-еуі директор, 5-еуідиректордың орынбасары, 4 тәрбиеші, 1-еуі педагог-психолог, 63-і мұғалім.Білім беру ұйымының 5 басшы кадрлары атқарып отырған лауазымы бойыншабіліктілігін арттыру курсынан уақытылыөткен.Кестеде көрсетілген мәліметке сәйкесталдау барлық педагогтердің тиісті бейіні бойынша үш жыл ішінде кемінде 72 сағаткөлемінде уақытылы біліктілігін арттырып отырғанын көрсетті. Басшы кадрлардың біліктілік санаттары талаптарға сай емес, мысалы Абдрахманова А.С. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде санаты жоқ, Альмагамбетова Ж.Ш. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары педагог-модератор санатында, Омарова Н.А. -директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары педагог-модератор санатында. «Педагоглауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы13 шілдедегі №338 бұйрығының (31.03.2022 No 121 бұйрығымен өзгертілген) 57, 60 тармақтарына сәйкес келмейді.

Ескертулерді жою жөніндегі ақпарат

Ж.Ш Альмаганбетова, А.С. Абдрахманова,Н.А.Омароваға  –басшы орынбасарының біліктілік санатын сәйкестендіруге мерзім 2023ж шілде айының 31 күніне дейін кемшілікті жоюға уақыт  беріліп,  ескерту бүйрығы ұсынылды.

Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағартуминистрінің 03.08.2022 жылғы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі ортажәне жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартыталаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқупәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетіннәтижелер):Оқытудың күтілетін нәтижелері-білім алушының оқу процесі аяқталғаннанкейін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жекемүмкіндіктерін ескере отырып, нені білетінін, түсінетінін, көрсететінін білдіретінқұзыреттер жиынтығы.Электрондық сынып журналдарын зерделеу барысында білім беру ұйымдарындақорытынды аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінде оқу курсы үшін 9-сыныпоқушылары үшін және жалпы орта білім беру деңгейінде 11-сынып оқушылары үшінөткізілетіні анықталды.Негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін қорытынды аттестаттау хаттамаларыбар, емтихан және қорытынды бағалар қойылмаған, мысалы 2020-2021 оқу жылындаалгебра және анализ бастамалары пәнінен қорытынды емтихан хаттамаларында 11 сыныпоқушылары Рахымжан Толғанай, Кетебаева Сая, Тоқтыбай Шұғыла бағалары қойылмаған,журналда «5» деген бағалар тұр. 2021-2022 оқу жылында 11 сынып оқушысы ЖантүлековаҚаламқастың алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша емтихан хаттамасында жәнежурналда да бағасы қойылмаған. «ҚР БҒМ кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер енгізутуралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12мамырдағы №193 бұйрығының 74-тармағы талаптарына сәйкес келмейді.

Ескертулерді жою жөніндегі ақпарат

2020-2021 оқу жылында  11 сынып оқушылары Рахымжан Толғанай, Кетебаева Сая, Тоқтыбай Шұғыла, және 2021-2022 оқу жылындағы  11 сынып оқушысы Жантүлекова Қаламқастың алгебра және анализ бастамалары пәнінен қорытынды емтихан хаттамалары ұсынылды.

2021-2022 оқу жылындағы 11 сынып оқушысы Жантүлекова Қаламқастың алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша емтихан бағасы «Білімал. Электронды журналға»  қойылды.

4,9-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қолжеткізуін айқындау және тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім берустандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерубойынша оқыту нәтижелерін бағалау:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылымсаласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 27.12.2022жылғы №12«Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелікұсынымдар туралы» бұйрығының 15-тармағына сәйкес компьютерлік тестілеугеДепартаменттің маманы байқаушы ретінде қатысқан және өткізілген компьютерліктестілеудің бейне жазбасы жүргізілген. Ұсынылған бейнежазбаға сәйкес компьютерлік
тестілеу ашық және объективті түрде жүргізілген.

Тестілеу мектептің 4-інші сынып оқушыларынан қазақ тілі, математика пәндеріненалынған.

МЖМБС бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім берустандартының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқубағдарламаларын меңгерубойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін өткізілген 4-сыныптары білім алушыларының компьютерлік тестілеу нәтижесі:

Тестілеу мектептің 9-ыншы сынып оқушыларынан қазақ тілі, математика, географияпәндерінен алынған.МЖМБС бекітілген тиісті білім берудеңгейінің мемлекеттік жалпы білім берустандартының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерубойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшінөткізілген 9-сыныптары білім алушыларының компьютерлік тестілеу нәтижесі:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 05.12.2022 жылғы № 486бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалауөлшемшарттарының» 2-тарау4-тармағының 4-тармақшасы (компьютерлік тестілеу белгілі бір білім деңгейі бойыншаконтингенттің тізімдікқұрамынан бітірушілердің жалпы саны 10 немесе одан аз білімалушыларды (тәрбиеленушілерді) құрайтын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 80 %тестілеуге қатысқан кезде жүргізіледі) және 9)тармақшасы (контингенттің тізімдікқұрамынан кемінде 40 %-дан кем емес білімалушылардың «қанағаттанарлық» дегенбағадан төмен емес дұрыс жауап бергені айқындалған жағдайда МЖМБС талаптарынасәйкес келеді деп есептеледі)негізінде білім алушылардың білімі мен іскерлігінбағалаудың нәтижелері бойынша:
· 4 сыныптар контингентінің тізімдік құрамының 96,1%-ы қатысып, білім алушылардың50,5%-ы оң баға алды, бұл мүмкін болатын нормаға сай, яғни 40 %- дан жоғары.
· 9 сыныптар контингентінің тізімдік құрамының 93,5%-ы қатысып, білім алушылардың31,9%-ы оң баға алды, бұл мүмкін болатын нормаға сай емес, яғни 40 %- дан төмен.
Осылайша, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқубағдарламаларын іскеасыратын «Қабден Шыңғысов атындағы No5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-ніңбілімалушылардың дайындық деңгейін бағалау нәтижелері МЖМБС талаптарына сәйкес келмейді деп есептелінеді.

Ескертулерді жою жөніндегі ақпарат

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын «Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің білім алушылардың дайындық деңгейін  бағалауына арналған кемшіліктерді жою жоспары мен жұмыс  жүргізілуде.Жоспар мен  тест орталығымен келісім шарт қосымша ұсынылды.

 

Атауы Жүктеу
1 ЕБҚЕБ инклюзивті білім алу туралы БҰЙРЫҚ
2 Жеке бағдарлама ЕБҚЕБ
3 Мектепалды даярлық ЕБҚЕБ  ПМПК көшірмелері
4 Үлгілік оқу бағдарламасы ЕБҚЕБ мектепалды даярлық
5 Үлгілік оқу жоспары ЕБҚЕБ үлгілік мектепалды даярлық