Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің «Үстел теннисі»  үйірмесінің 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы есебі.

 

Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің дене тәрбиесі пәні бойынша 2022–2023 оқу жылына арналған спорттық дене тәрбиесін ұйымдастыру және өткізу іс шаралар жоспарын орындау мақсатында, 5 сынып оқушыларының денсаулықтарын нығайтуда, үстел теннисінің тәсiлдерiн үйрету үшін, «Үстел теннисі» дене тәрбиесі үйірмесінің жоспары құрылып биылғы оқу жылынан бастап ашылды.

Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде оқушылардың білім жүйесінде өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігі мен ерекшелене отырып оқушылардың бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру , әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.        Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ол өте құмарлы және назданбайды Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды.Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалыына қосымша күш береді. Оқушылар ойынның жаңа элементтері мен ойын тактикасын меңгеріп, ойынның негізгі ережелерімен танысуы қажет. Үстел теннисімен шұғылдану оқушылардың физикалық дамуына, пәнмен, күн тәртібімен, гигиена және өз өзін бақылауымен танысуға бағытталуы тиіс.

 

Үстел теннисінің ережесі

  1. Қызмет көрсетер алдында доп ашық алақанда болуы керек.
  2. Доп лақтырылады, биіктігі кемінде 16 см (қолмен тамақтандыруға ережелермен тыйым салынады).
  3. Допты үстелдің үстінен, сондай-ақ үстелдің астынан лақтыруға тыйым салынады.
  4. Доп лақтырылғаннан кейін сервер дөңгелек болған қолды алып тастауы керек. Мұндай ереже ресивер допты нақты көре алатындай етіп орнатылады.
  5. Үстел теннисіндегі жиынтық саны жарыс деңгейіне байланысты (ойын саны тақ болуы мүмкін). Егер ол, мысалы, мектепішілік немесе қалалық жарыстар болса, онда партиялардың саны 3 немесе 5 болуы мүмкін. Кәсіби деңгейде стандарт ретінде 7 жиынтық ойналады. Матчта жеңіске жету үшін қарсыласыңызға қарағанда көбірек ойын ұту керек.
  6. Теннис ойыны ойыншылардың біреуі 11 ұпай алғанға дейін жалғасады. Егер есеп 10-10 болса, онда бұл жағдайда 2 ұпай айырмасы болғанша ойын жалғасады.

 

    Оқу жылының бірінші жарты жылдығында «Үстел теннисі» үйірмесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес, қауіпсіздік ережесі, ойыншының тұрысы ойыншының қозғалу әдіс-тәсілі, ракетканы ұстау әдіс-тәсілі, теннис добын ойынға қосу тәсілі (подача) жаттығулары бойынша негізгі тақырыптары практикалық тұрғыда оқытылды

Үйірме жетекшісі Калманов Т.С.