Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің «Жас сарбаз»  әскери патриоттық үйірменің 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты  жылдығындағы

бойынша есеп

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесімен Кәбден Шыңғысов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектеп  оқушыларына әскери  патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығында біршама патриоттық тәрбие іс-шаралары  өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпы адамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық  қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.        

     Мемлекет азаматтарының ерліктерін, отанымыздың тарихын таныстыра отырып, патриоттық қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарыту мақсатында мектебімізде оқу жылының басынан бастап оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруге байланысты ашық, тәрбие сағаттар мен іс-шаралар өткізілді.

     Атап айтқанда, қыркүйек айында, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі 10 сынып оқушыларының сыныптық взвод және бөлімше командирлерін сайлау жөнінде тәрбие сабақ өткізіліп, командирлер тағайындалды.      

     Білім күніне арналған әскери патриоттық тақырыбында 9 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.

 

 

2022 жылдың 31 тамыз айында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша оқытудың басталғаны туралы мектеп директорының № 53-Н бұйрығы шықты, сонымен бірге 2022 жылдың 05 қырқүйекте № 220-Н взвод және бөлімшелер командирлерін тағайындау туралы бұйрық шығарылды.

Еліміздің алдыңғы қатарлы   мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы,  бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану  үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.

      «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесінің Ұраны: «Сапта сымбатты, Ұрыста айбатты!», сонымен қатар«Жас сарбаздар» әскери-патриоттық үйірмесінің антын әрбір үйірме мүшесі салтанатты түрде қабылдады. Сабақтан тыс уақытта сынып жұмысы арқылы оқушылардың Отанға деген  сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбиелік іс шаралар атқарылды.

            «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі жоспар бойынша тәрбиелік мәні бар келесі іс шараларды іске асырылды:

Оқушыларды  әскери борышын өтеуге – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау.

Отансүйгіштік, адамгершілік, білімге құштарлық, тәртіптілік, эстетикалық сезімін тәрбиелеу.

Мәдени-көпшілік іс-шараларға , жазғы лагерлерге оқушыларды көптеп қатыстыру.

Оқушылар мен армия арасындағыөзарабайланыстынығайту.

Кездесулерұйымдастыру, қалалық  әскериісшараларақатыстыру,

Белгілітұлғалардыңерлікжолдарынүлгіету.

Мұражайларғасаяхат, тұлғаларменкездесукеші, тәрбиесағаттары;

Елімізтарихыныңжарқынбеттеріжәнемерекелікдаталардаұлтжандылыққаүндеу.

Атаулыкүндерді атапөтугебайланыстыіс-шаралар .

Өзін-өзібақылаудыңішкімеханизмін, өзарақарым-қатынасдағдыларынқалыптастыру

- Сыныпішіндегіқарым-қатынасдәстүрлі «Бірімізбәрімізүшін, бәрімізбірімізүшін!» принципіненегізделгенөзарасыйластық, өзаракөмекжағдайы.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесінің бағыттары:

  • Еліміздің жауынгерлік дәстүрі, жауынгерлік борыш, әскери
  • мамандықтар туралы әңгіме, баяндама ұйымдастыру ;
  • оқушыларды батырлар өмірі мен ерлігі үлгісінде тәрбиелеу ;
  • ауған соғыс ардагерлерімен, жауынгерлермен кездесулер   өткізу ;
  • әскери-патриоттық тақырыпта шығарма, әңгіме, сурет, ән байқауларын өткізу;
  • әскер-спорттық ойындар, жарыстар өткізу;
  • әскери техникалар мен қару-жарақтарды тереңдетіп оқып-үйрену;
  • қалалық әскери-спорттық жарыстарға қатыстыру болды.

 

2022  жылдың қыркүйек айында мектеп оқушылары арасынан ту ұстау және оны саптық тәсілмен алып жүру топтары іріктеліп,  «Жас Ұлан» ББЖҰ арасында  ту ұстау топтары қалалық, облыстық жарыстарына оқушыларды дайындау жұмыстары жандандырылды.

Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери және технологиялық дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет, осыған орай мектебіміздеЖас сарбаз үйірмесінің жанынан оқушылардың ату дайындығын жетілдіру мақсатында«Жас мерген» әскери-патриоттық үйірмесі ұйымдастырылды.

2022 – 2023 оқу жылының басынан бастап, әскери-патриоттық бағытта мектептегі әскери даңқ бұрышы мен алғашқы әскери технологиялық дайындық кабинетін қосымша стендтермен толықтыру жұмыстары қолға алынып, оқу- алаңдық жиыны стенд пен оқушылардың марапаттар жиындық буклеттері жасалынып, орналастырылды.

 

2022 жылдың 25 қазанда алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні әдістемелік кеңесінің 2022-2023 оқу жылына арналған жоспарының 2 тармағына сәйкес, № 26 жалпы білім беретін мектебінде, Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған қала мекетептерінің 10-11 сыныптар арасында пневматикалық қарудан ату жарысы өтті

 

Осы жарыста қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында, «Балалар жылы» және Республика күніне арналған «Ұлан» қалалық әскери спорттық жарысында пневматикалық мылтықтан ату кезіндежүлделі бірінші орын алған үшін мектебіміздің Жас сарбаз үйірмесінің мүшесіДанабек Салтанат Ұлытау облысы білім басқармасы, Жезқазған қаласы білім бөлімі басшысының дипломмен марапатталды.

 

Мектеп директоры Куланбаева Б.А.