Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің
«Жас мерген» үйірмесінің 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстары бойынша
ақпарат
Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің
алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні бойынша 2022 – 2023 оқу
жылына арналған әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру және өткізу
іс шаралар жоспарының 12 тармағын орындау мақсатында, оқушылардың әскери iстi үйреніп, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуді оқыту мақсатыда, «Жас мерген» тобының жоспары құрылып оқу жылы басынан ашылды.
Бүгінгі таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының патриоттық рухын көтеру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауында патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлді. Ұсынылып отырған бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Мұғалім теориялық материалды практикамен ұштастыра отырып жүргізуге және пәнаралық байланысты басшылыққа алған.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің өзектілігі қоғамның рухани әлеуетін нығайту қажеттілігіне негізделген. Әрбір оқушының жауапкершілік сезімін, Отансүйгіштік қасиетін арттыруға бағытталған. Бағдарлама пайдалану дағдыларын қалаптастыруда мектеп үшін тиімді құрал, қала көлемінде таратуға болады деп ойлаймын.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери және технологиялық дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.
Оқу жылының бірінші жарты жылдығында «Жас мерген» үйірмесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес, мылтық атуда қауіпсіздік ережесі, қаруды атуға дайындық, қарумен оқсыз жаттығулар, пневматикалық мылтықпен ату жаттығулары бойынша негізгі тақырыптары практикалық тұрғыда оқытылды
Жас мерген үйірмесінің мақсаты мен міндеттері:
- Жастардың қазақ жеріне, еліне, халқына деген патриоттық рухын ояту, тәрбиелеу;
- Жауынгерлік салт-дәстүрлерді құрметтеу, әскери оқу орындарына түсем деушілерге бағыт беру;
- Үйірме мүшелерінің салтанатты шерумен жүру дайындығын машықтау.
- Қазақстан Қарулы Куштері және қару-жарақ түрлерінен ақпарат беру, ату дайындығын жетілдіру;
- Қалалық және мектепішілік әскери-спорттық, ату-сайыстарына қатысу;
- Салауатты өмір салтын дәріптеу;
- Дене шынықтыру жаттығулары барысында дене тәрбиесін жетілдіру.
- Арнайы жаттығулар барысында қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін (жалаң қол қарсыласқа қарсы тұру, қарумен келгенде, әр-түрлі құралдармен кез келген жағдайда) үйрену;
- Қаладағы әскери-патриоттық спорттық клубтарға бару, жұмыс ретімен танысу;
- Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне деген қызығушылығын арттыру;
- Қатысушылардың үлгілі тәртіпте негізделген мектеп мәртебесін жоғарылатуға үлесі мен патриоттық сезімдерін ұштастыру.
2022 жылдың 25 қазанда алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні әдістемелік кеңесінің 2022-2023 оқу жылына арналған жоспарының 2 тармағына сәйкес, № 26 жалпы білім беретін мектебінде, Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған қала мекетептерінің 10-11 сыныптар арасында пневматикалық қарудан ату жарысы өтті
Осы жарыста қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында, «Балалар жылы» және Республика күніне арналған «Ұлан» қалалық әскери спорттық жарысында пневматикалық мылтықтан ату кезінде жүлделі бірінші орын алған үшін мектебіміздің 10 сынып оқушысы Данабек Салтанат Ұлытау облысы білім басқармасы, Жезқазған қаласы білім бөлімі басшысының дипломмен марапатталды.
Үйірме жетекшісі Т.С. Калманов









