Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің «Дойбы» үйірмесінің 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы есебі.
Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің дене тәрбиесі пәні бойынша 2022–2023 оқу жылына арналған спорттық дене тәрбиесін ұйымдастыру және өткізу іс шаралар жоспарын орындау мақсатында, 5 сынып оқушыларының денсаулықтарын нығайтуда және ойлау қабілетін арттыруға, дойбы ойынының тәсiлдерiн үйрету үшін, «Дойбы» ойын үйірмесінің жоспары құрылып биылғы оқу жылынан бастап ашылды.
Дойбы – бұл бір мезгілде демалыс әрі спорт, әрі өнер. Біздің елімізде дойбы ойына үлкен атаққа ие, ережелері қарапайым және жалпыға қолжетімді. Көпшілдік бойынша дойбы ойыны басқа спорт түрлеі ішінен сегізінші орын алады. Бұл данышпан халық ойыны біздің тұрмысқа нық енді. Оның жасы 5 мың жастан кем емес. Интеллектуальдық спорт ретінде дойбы жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде танылды. Швейцар психологы Жан Пиаже және бірқатар басқа ғалымдар балалардың дәл 3-12 жасында «ойсөз», «ойәрекет» механизмінің құрылатынын анықтаған. Осыған байланысты дойбы балалардың ойлау қабілеттерінің дамуында және көру мүшесі нашар балаларда ойлау қабілетін әрекет етумен бекітуде маңызы зор. Дойбы ойына балаларды тәртіптілік, ұқыптылық, мұқияттылық және логикалық ойлауға тәрбиелеуге көмектеседі. Мектеп жасындағы тәрбиеленушілердің ата-аналары балалардың дойбы ойынын ойнауда қызығушылықтарын танытады. Дойбы ойыны барысында балалар және үлкен адамдар қоршаған ортамен танысып, бала эмоциялары мен басқа да бірқатар рухани қасиеттерін (өзін-өзін ұстай білу, ойынның қалыптасқан жағдай кезінде керек жүрісті талқылау) керек бағытта жаттықтырады. Ойын балаға шынайы өмірде де біз сақтауға мәжбүр ережелердің барын көрсетеді. Ойын барысында балалар ұжымы бірігіп, отбасы мүшелері эмоционалдық жақындасатыны аса маңызды. Осында біз ынтымақтастық туралы айтуға болады: бала құрдас ата-ана педагог. Бірақ ата-аналар балаларға ойын үшін үнемі көңіл бөле алмайды. Мектеп
жастағы балаларға дойбы ойынын оқыту әдебиеттері жеткіліксіз. Әрине, оқытушылар және ата-аналар балаларға дойбы ойынын үйретеді, бірақ барлығы бір қателік жібереді: бірінші сабақтардан барлық дойбыларды орналастырып, жүрістерді көрсетеді. Нәтижесінде балалар ойынның негізгі ережелерін игереді: дойбылар мен билердің жүрістерін, бір немесе бірнеше дойбының соғуын, бірақ өз әрекеттерін бірнеше жүріс алға қарай ойластыра алмайды, дойбы тақтасында бағдарларын түзу ұстай алмайды, диаграммаларды, партиялар комбинацияларын оқи алмайды. Қала және облыстың білім беру мекемелерінде дойбы ойыны бір реттік сипатта (топтағы жарыстар, балабақшаларда турнирлер). Сондықтан дойбы өнерінің негіздері бойынша бірізді және жоспарлы жұмыс үшін көру мүшесі бұзылған балалар үшін оқыту сабақтар циклін іске асыратын қосымша білім бағдарламасы қажет.
Мақсаты:
Дойбы ойынын үйрету барысында тәрбиеленушілер жеке тұлғасының интеллектуалдық және ерікжігер әлеуетін ашу.
Міндеті
Білім беру:
дойбы ойынының техникасын оқыту;
балаларға дойбы ойыны теориясымен таныстыру;
Жазықтықта бағдар алу дағдысын оқыту.
Дамыту: көру қабілетін, ойлау қызметін дамыту;
Оқу жылының бірінші жарты жылдығында «Дойбы»ойын үйірмесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес, ойын ережелері ойынтарихы,ойын жүрісінің әдіс тәсілдерін үйрету, ойын кезінде бір жүріспен шеек қоюды үйрену, екі жақты ойын, ойын кезінде екі жүріспен шек қою жаттығулары бойынша негізгі тақырыптары практикалық тұрғыда оқытылды
Үйірме жетекшісі Калманов Т.С.









